ӨТІНІМ БЕРУ

тауар
іздеу
ӨТІНІМДІ
ҚАДАҒАЛАУ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН
СҰРАҚТАР
?
Оффтейк-шарт дегеніміз не?
«Оффтейк-шарттар» - шығару жоспарланған өнімдерге қазақстандық тауар өндірушілер үшін ұзақмерзімді тапсырысты кепілдендіретін тетік (өндірісті ұйымдастыруды кейінге қалдыру шартымен өнімдерді кепілдендірілген өткізу). Бұл тетік Жаңа өндірістер құруға жәрдемдесу бағдарламасының немесе, оңайырақ айтқанда, Импортты алмастыру бағдарламасының шеңберінде іске асырылады.
Импортты алмастыру бағдарламасына кім қатыса алады?
Жаңа өнім түрін жасағысы немесе қолданыстағы өндірісті жаңғыртқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматы, кәсіпкер.
Бағдарламаға қатысу үшін қандай шарттар негізгі болып табылады?
Негізгі шарт – сіздің өніміңізді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының қажетсінуі, сонымен қатар өндірістің жоқ болуы немесе елімізде олардың санының жеткіліксіздігі.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Бағдарлама шеңберінде қандай қолдау көрсетеді?
Бағдарлама шеңберінде шығарылған өнімді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялары тарапынан кепілдендірілген тікелей, соның ішінде ұзақмерзімді сатып алу басты құрал болып табылады. Сонымен қатар Бағдарлама шеңберінде «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС және/немесе «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-қа кіретін басқа компаниялар тарапынан қоса қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылған.
Жаңа өндірістер құруға жәрдемдесу бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар жіберу керек?
Біз қатысудың екі нұсқасын ұсынамыз. Алдымен сіздің «Тауар іздеу» терезесінен немесе «Импортты алмастыруға арналған тауарлар пулы» файлынан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына ұсынғыңыз келетін тауарды табуыңыз керек. Сосын өтінімді таңдау бойынша жіберу керек: 1. Егер сіз Пулдан өз тауарыңызды тапсаңыз, онда оффтейк-шарт жасасуға өтінім жолдау керек. 2. Егер сіз Пулдан өз тауарыңызды таппасаңыз, онда өтінімді Импортты алмастыру пулына енгізуге өтінім жолдау керек.
Өтінімдер неше күн қаралады?
Өтінімнің түріне байланыссыз, қарау мерзімі 5-тен бастап 30 жұмыс күніне дейін уақытты құрайды.
Балама өтінім дегеніміз не? Балама өтінім қабылдау неше күнге созылады?
20 жұмыс күні.
Импортты алмастыруға арналған пул дегеніміз не?
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компанияларының тобы компаниялар тобына үнемі және тұрақты қажеттілігі бар, бірақ елде өндірісі жоқ тауарлардың пулын қалыптастырады.
Менің өтінімімнің қаралған-қаралмағандығын қалай қадағалау керек?
Әр өтінімге бірегей нөмір беріледі, мәртебесін сіз «Өтінімді қадағалау» терезесінен біле аласыз.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың импортты алмастыру және жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі Орталық жобалау кеңсесінің отырыстарына қалайша қатысуға болады?
Орталық кеңсенің отырыстарына қатысу үшін талқылауға жоспарланған мәселелерді көрсете отырып, info@skc.kz электрондық мекенжайына немесе r.nurpeissov@skc.kz поштасына өтініш жолдау қажет.